Талдықорғанда туризмді дамытудың жаңа тетіктері талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Туризм басқармасы Алматы өңірінде туризмді дамытудың мәселелері бойынша кеңес өткізді. Шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында туризм саласын дамытудың тың тетіктерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс барысында қазақстандықтардың арасындағы демалыс мәдениетін қалыптастыру, туризм статистикасын жолға қою, облыстың туристік әлеуетіне қатысты мәліметтерді цифрландыру бойынша мәселелер қаралды.

2018 жылдың 15 мамырында Алматы облысында туризм нысандарын инвентаризациялау бойынша жоба басталған болатын. Оның қорытындысына сәйкес, Алматы облысында туризмді өркендетудің шебер-жоспары дайындалып, туристік инфрақұрылым нысандары цифрландырылатын болады.

«Инвентаризация қорытындысының аралық есебі көрсетіп отырғандай, өмір сүруге арналған орынның саны 833-ке, ал бос уақытты өткізуге арнаған субъекттердің саны 233-ке артқан», - дейді Қазақстанның Туристік Агенттіктері қауымдастығының президенті, «Open Travel Advisory» ЖШС басшысы Әсел Нүркебаева.

Қасиетті жерлер бойынша Алматы облысында туристік өнімдерді даярлау үшін қазіргі таңда «Zhetysu Discovery-2018» атты ғылыми экпедиция ұйымдастырылып жатыр.

«Экспедицияға қатысушылар бүгінге дейін 24 тарихи-мәдени нысандарды аралап үлгерді. Экспедиция барысында табылған барлық ақпараттар арнайы туристік бағдарламаларды даярлауда негіз болады. Сонымен бірге, Алматы облысының Туризм басқармасы TripAdvisor онлайн-брондау халықаралық платформасы негізінде микросайттарды құру бойынша жұмыстарды жүргізуде», - деді Алматы облыстық Тризм басқармасының басшысы Жанар Алшынбаева.

Соңғы жаңалықтар