USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Талдықорғанда тұрғындарға 100 млн теңгеден астам шығын келтірді деген күдікпен алаяқ ұсталды

2016 жылғы 27 қазан 11:50
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда тұрғындарға 100 млн теңгеден астам шығын келтірді деген күдікпен алаяқ ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда жәбірленушілерге 100 млн теңгеден астам шығын келтірді деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. 1986 жылғы Дина Искакованың алаяқтық әрекетіне тап болдым деп 30 адам шағымданып отыр. Оларға келтірілген шығын көлемі 100 млн теңгеден асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 жастағы әйелді Алматы облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері тамыз айында ұстады. Қазір ҚР ҚК 190 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Дина Искакова көпшілікке мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алып беремін деп, уәдені үйіп-төгіп алаяқтық жасады деген күдікке ілінуде. Қазір ІІД өкілдері аталған тұрғынның өзге де қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы анықтап жатыр.

Алматы облыстық ІІД 1986 жылғы Дина Искакованың алаяқтық әрекетіне тап болып, жапа шеккендер болса осы нөмірге хабарласуын сұрайды. 8-7282 608245, 608846, 608007 немесе 102.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT