Талдықорғанда тұрақты мекенжайы жоқ адамдар жаңа жылды атап өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында жаңа жыл шыршасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда бұл орталықты 160-тан астам қаңғыбас паналауда. Әлеуметтік мекеме ұжымы оларға арнап жаңа жыл шыршасын ұйымдастырып, сыйлықтар табыстады.

Биыл бұл мекеменің ашылғанына 5 жыл толды. Осы уақыт ішінде 600-ден астам адам осы жерден пана тауып, құжатын реттеп, қоғамға бейімделді.

Жалпы бұл жерге келетін азаматтардың тағдыры әрқилы. Ал осы жылдан бастап түзету мекемелерінен босап шыққан қылмыскерлердің тұрғылықты мекенжайы болмаса осы орталыққа жіберілетін болды. Сондықтан тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар саны күрт өсіп кетті дейді, орталық директоры Гүлназ Тілеуберлинова. Мекеме мамандары денсаулығы жоқтардың мүгедектігін рәсімдеп, құжаттарын жинап, зейнеткерлердің зейнетақысын алып беруге көмектеседі. Жұмысқа жарамдыларын жұмысқа орналастырады.
null 

Биыл әлеуметтік бейімдеу орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Қажетті көлік, жиһазбен қамтамасыз етілді.

«Сондықтан жылды қортындылап, қарамағымыздағылардың көңілін аулап, жаңа жыл келгенін сезінгенін қаладық», деп ой қорытты мекеме басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар