Талдықорғанда төрт жасар бала бассейнге батып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы бассейндердің бірінде 4 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың 1 тамызында Талдықорған қалалық жедел жәрдем бригадасына Талдықорғандағы отбасылық демалыс орталықтарының біріндегі бассейнге баланың батып кеткені туралы қоңырау келіп түскен. Шақыру орнына жеткенде ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазіргі таңда Талдықорған қалалық ІІБ қызметкерлерімен тергеу шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар