Талдықорғанда Төлеутай Рақымбековті қолдау мақсатында флешмоб өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда жергілікті жастар президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековті қолдау мақсатында арнайы флешмоб ұйымдастырып, үміткерге қолдау көрсетті. Бұл жөнінде «Ауыл» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Президентікке үміткер Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оның ішінде бай рухани мұрамызды сақтап, жас ұрпақтың санасына сіңдіру жолдарын ұсынады. Жастар саясатын нықтап қолға алу керек. Әсіресе, білім беру, тұрғын үй, жұмысқа орналасу және тәлім-тәрбиеге қатысты мәселелерге бей-жай қарауға болмайды. Қазіргі жаһандану дәуірінде жас толқынның жат мәдениетке жұтылып кету қаупі бар. Осы мақсатта Талдықорған қаласының ортасында арнайы флешмоб ұйымдастырылып, жергілікті қыз-жігіттер ұлттық биімізді ерекше нақышта орындап шықты.

Акция аясында Төлеутай Рақымбеков өңірлік штабының өкілдері үміткер бағдарламасын қала тұрғындарына таратып, оның негізгі тетіктерін түсіндірді. Әсіресе, дәл осы жастар саясатына қатысты бағыттар қызу талқыланды.

Қазір үгіт-насихат науқанының нағыз қызған шағы. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековты қолдауға арналған шаралар еліміздің барлық аймағында өтіп жатыр. Ал, кадидаттың өзі алдағы аптада батыстағы өңірлерге барып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізбек.

Соңғы жаңалықтар