Талдықорғанда театрдың жаңа ғимараты ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда заманауи театр ғимараты ашылды. Әсем ғимаратқа облыс бюджетінен 6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бикен Римова атындағы драма театрдың жаңа ғимаратының ашылуы Орта Азия елдерінің  7-ші Халықаралық театр фестивалімен тұспа-тұс келді. Жаңа театрдың шымылдығын  шаңыраққа қоныстанған өнер иелері  қазақ классикасының жауһары - Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» комедиясымен ашады.

«Бұл фестивальға Башқұртстан, Түркия, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен театр ұжымдары және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан театрлары ассосациясының төрағасы Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы мүшелері қатысып отыр. Сонымен қатар, аталмыш өнер додасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 120 жылдығына арналып отырғаны да ұрпақ сабақтастығы деп есептеймін», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов театрдың ашылуы салтанатында.  null

 Жаңа театр Талдықорған қаласының 7-ықшам ауданында бой көтерді. Екі қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 10 538 шаршы метр. Көрермен орны 510 адамға лайықталған.null

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 12 қазан күні театрдың алғашқы қазығы қағылған кезде Амандық Баталов заманауи драма театрды Жетісу төрінде салуға Елбасының өзі қолдау білдіргенін айтқан болатын. Бұл ақжолтай хабарды сол сәтте Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы драма театрының ұжымы үлкен қуанышпен қабылдап, шексіз алғыстарын білдірді.nullnull 

Соңғы жаңалықтар