Талдықорғанда тәртіп сақшыларының үш буыны тұрып жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда тәртіп сақшыларының үш буын өкілі тұрып жатыр. Ардагер полицей Несіпбек Түстікбаевтың өзі, ұлы, келіні мен немересі ішкі істер саласында еңбек етіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарқан ауданының тумасы Несіпбек Түстікбаев әскери борышын өтеп келгеннен кейін партия жолдамасын алып, аудандық ішкі істер бөліміне қызметке тұрады. 1980-ші жылдардың басында милиция қатарында еңбек жолын бастап, Қапал аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтерілді. 35 жыл өмірін құқық қорғау саласына арнаған ардагер бүгінде өз ұрпағының әке жолымен келе жатқанын мақтан тұтады. Несіпбек Әбілхамитұлының айтуынша, ол балалары қай саланы таңдаса да қарсы болмаған. Керісінше, армандарының орындалуына, мақсаттарына жетуіне көмектесуге тырысқан. Сондықтан да болар, ұлы Марат Әбілхамитов бүгінде әке жолын қуған полиция қызметкері. Ол Талдықорған қалалық ішкі істер бөлімі, жергілікті полиция қызметін басқарады.

Марат Әбілхамитов кішкентай кезінен әкесінің жұмысын көріп өсті. Әкесінің қылмыспен күрескеніне, халыққа көмектесіп, ауыл мен ауданның тәртібін орнатуға күш салғанына қызыға қарады. Қызметтік формасына қызықты. Алдына  мақсат қойып, бүгінде қаланың тыныштығын қамтамасыз етуге өзі де атсалысып келеді. 
null 

Ал оның жары Шынар Әбілхамитова жедел басқару орталығында еңбек етеді. Мониторлар арқылы қалада орнатылған камералардан заң бұзу фактілерін анықтайды. Жедел топқа тапсырма беріп, қылмыстың алдын алып, құқықбұзушылармен күреседі. Төрт баланың анасы жолдасымен иық тіресіп, қоғамдық тәртіпті қалыптастыруға бірге күш салып жатқанына мақтанышпен қарайды.
null 

Ал шаңырақ иесі Несіпбек Әбілхамитұлының немересі де былтырдан бері Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімінде жедел уәкіл болып жұмысын бастады. Биыл Ресейде жоғарғы оқуын тәмамдайтын кенже баласы да ішкі істер саласында жұмыс істесем деген мақсат қойып отыр. Демек полицейлер әулетінің қатары әлі де толыға түспек.

null 

Соңғы жаңалықтар