Талдықорғанда тәртіп сақшылары үздік мергендерді анықтады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық  Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен «Жауынгерлік қарудан нысана көздеу» атты жарыс өз мәресіне жетті. Аталған додаға жиырмадан астам команда қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық полиция департаментінің, қалалық және аудандық ішкі істер бөліністерінің, ішкі әскер мен Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының қызметкерлері өзара мергендерді анықтаған байқау бірнеше номинация бойынша өткізілді.

«Мергендер жарысы бізде жыл сайын ұйымдастырылады. Әр топ құрамындағы екі ер адам мен бір әйел адам ереже бойынша полицейлердің табельдік қаруы Макаров тапаншасынан және Калашников автоматынан сайысқа түсті. Бүгінгі жарыста Макаров тапаншасынан нысана көздеуде ерлер арасында полиция майоры Рауан Аббасов үздік нәтиже көрсетсе, Калашников автоматынан атуда ішкі әскер қызметшісі  майор Нұрлан Сүгіралиевке тең келетін мерген болмады. Әйелдер арасында тапаншамен нысана көздеуде Динара Баубекова мен Меруерт Марякова қатысушылардан озып шықты. Алматы облысы Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының тобы жалпы есепте жоғары нәтиже көрсетіп, үздік топ атанды», - деді облыстық ІІД Арнайы даярлық басқармасының бастығы Мадияр Құсайынов атап өтті.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, полиция қызметкерлерінің табельдік қарумен ату, нысанаға дәл тигізу дағдыларын шыңдау - арнайы даярлық бағыттарының бірі. Облыс деңгейіндегі жарыста үздік нәтиже көрсеткен мергендер республикалық байқауда Жетісу өңірінің намысын қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар