Талдықорғанда тапаншамен оқ атқан күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда тапаншамен оқ атқан 21 жастағы күдіктінің үстінен ҚР ҚК 293 бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қабылданған шаралар аясында Талдықорған қаласының 21 жастағы тұрғыны ұсталып, травматикалық тапанша тәркіленді. Аталған факті бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шаралары қарастырылу  үстінде. Өз кезегімізде аталған фактіде зардап шегуші тараптың жоқ екенін хабарлаймыз», - Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі  Серік Үпиев. 

Естеріңізге сала кетейік, оқиға тамыздың 10-нан 11-не қараған түні болған. Талдықорғандағы үшінші ықшам ауданда орналасқан «Статус» ойын-сауық кешенінің маңында белгісіз біреу бірнеше мәрте оқ атып, оқиғаны куәгерлердің бірі бейнежазбаға түсіріп алған. Артынша бейнежазба әлеуметтік желі арқылы жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар