Талдықорғанда тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда арнайы операция барысында тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды. Бұл туралы Рolisia.kz мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«26 қыркүйек күні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің қызметкерлерімен және Ұлттық ұланның «Бүркіт« арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп Талдықорғанда арнайы операция өткізді.

Қала орталығындағы қонақүйлердің бірінде тәртіп сақшылары оқ-дәрінің толық жиынтығы бар тапаншамен қаруланған 38 жастағы ер адамды ұстады», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар