Талдықорғанда тапа-тал түсте автоломбард тонаған күдіктілер ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда тапа-тал түсте автоломбардты тонаған үш күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәртіп сақшылары Алматы қаласының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілер 1991-98 жылғы жас жігіттер. Олар Талдықорғанға жеткізіліп, қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қарақшылық фактісі бойынша қылмыстық іс Талдықорған қалалық полициясының өндірісінде», - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.

Полиция ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жері бойынша ұрланған ақшаның бір бөлігін тәркілеп, айғақ зат ретінде тіркеген.

Естеріңізге сала кетейік, , 24 шілде күні таңертең Талдықорған қаласында үш адам автоломбардты тонап, ішіндегі қызметкерді ұрып, байлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Тоналған автоломбард Шевченко көшесінің бойында орналасқан.

Жәбірленушінің айтуынша, ұрылар 7 млн теңгені қолды қылған.

Соңғы жаңалықтар