Талдықорғанда «Тақиялы періштемен» үндес фильмнің тұсаукесері өтеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда «О, Ләйлә» деп аталатын фильмнің тұсаукесері өтеді. Жергілікті телеарна ұжымы мен Бикен Римова атындағы қазақ драма театрының әртістері әзірлеген тың туындыны Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та тамашалайды деп күтілуде. Фильм Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында халыққа жол тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі сағатқа созылатын туынды  белгілі бір шығарма желісі бойынша түсірілмеген. Барлық кейіпкерлер ойдан құралған. Шығармашылық топтың басты мақсаты - көркейіп, өсіп-өркендеп келе жатқан Талдықорған қаласының көрікті жерлерімен, әрі аймақ айнасына айналған телеарнаның тыныс-тіршілігімен таныстыру. Кинокартина кезінде көрермен көзайымы болған «Тақиялы періште» фильмімен үндес деуге де болады. Онда астарлы ой, тұшымды пікірлер көп. Қоюшы режиссер Ерлан Ошақбаевтың айтуынша, туындыға бюджет қаржысы бөлінбеген.

Түсірілім бір ай шамасына созылған. 

Соңғы жаңалықтар