Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті. Науқастың бірі колледж студенті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі адам кеше ауруханаға түсті. Науқастарға клиникалық тұрғыда қойылған диагноз - менингококк инфекциясы.  Лабораториялық  анализдері тексеріліп жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. 21 жастағы науқас инфекциялық ауруханада, 19  жастағы жігіт облыстық ауруханада жатыр», - деп  мәлім етті  Талдықорған қаласының өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев.

Дәрігердің мәліметінше, екі науқастың бір-біріне қатысы болмаған. Қазір 19 және 21 жастағы жігіттер жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар