Талдықорғанда «Таблиғи жамаат» мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанның қалалық сотында Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамаат» діни қозғалысының мүшелеріне қатысты сот үкімі шығарылды. Қазақстанда бұл ұйымның қызметіне 2013 жылдың наурыз айында Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотымен тыйым салынған.

Сотталушылар біздің елімізде тыйым салынған діни қозғалыстың бес ұстанушысы болды. Қылмыстық іс материалдарынан олардың білім алу үшін Бангладештегі діни семинарилерге талай рет барғандары, сондай-ақ қоғам белсенділерінің бірінің үйіне жиі жиналып, онда экстремистік сипаттағы ұрандар айтып, адамдардың дәстүрлі емес жоралар мен мінәжатқа үйретілгені айтылған.

«Сотталушылар Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамаат» ұйымының қызметіне қатысу арқылы ҚР ҚК-нің 337-бабының 2-бөлімін бұзған. Тергеушілер олардың кінәларын дәлелдеді. Істе көптеген куәгерлерлің түсініктемелері, фонограммалар, аудио және бейнежазбалар бар. Соттан оларға жалпы режімдегі колонияда жазасын өтеумен екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраймын», - деп айыптау қорытындысын оқыды прокурор Гүлшат Азаматова.

Талдықорған қалалық сотының судьясы Сара Жаңбырбаева сот үкімін жариялады. Сотталушылар бір жыл алты айдан бастап бір жыл сегіз айға дейін бас бостандығынан айырумен жалпы режімдегі колонияда жазасын өтейтін болды.

Сотталған азаматтардың бірінің анасы: «Осындай баланы тәрбиелегенім үшін ұяламын. Төрт баласы бар болса да, осы жылдар бойы ол ешқайда жұмыс істемеді. Үйіне өзі сияқты жұмыссыздарды жинады, олардың да отбасылары бар. Солардың бәрін кім асырады деп ойлайсыз?», деді налып.

Соңғы жаңалықтар