Талдықорғанда суға батқан қыздың денесі алты күннен соң табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда 6 күн бұрын суға ағып кеткен 2004 жылғы Айнагүл Сқақбай Нұржанқызының мүрдесі табылды. Жасөспірімнің денесі Қаратал өзенінен шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыз баланың аяғы тасқа тіреліп қалған. Мүрдені Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тапты», деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Айта кетейік, 5 шілде күні 14 жастағы Айнагүл Қаратал өзеніне ағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Оқиғаға оның 7 және 11 жастағы туыстары куә болған. Жасөсіпірмнің денесін іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған болатын. Олар алты күн бойы өзеннің арнасын бұрып, іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізді. Баланы іздеуде еріктілер де белсенділік танытты.

Соңғы жаңалықтар