+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр

2019 жылғы 9 шілде 13:38
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда 5 күн бұрын суға ағып кеткен 2004 жылғы Айнагүл Сқақбай Нұржанқызын іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазір жасөспірімді іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іздеу жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 120 адам жұмылдырылды. Оған қоса еріктілер мен әскерилер барлығы 300-ге жуық адам қыз баланы іздестіріп жатыр. Олар Қаратал өзенінің арнасын бұрып іздеді. Өзеннің 62 шақырым жағалауы толықтай тексерілді. Сүңгуірлер де іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге қыз бала табылмады», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Айта кетейік, 5 шілде күні 14 жастағы Айнагүл Қаратал өзеніне ағып кеткен. Оқиғаға оның 7 және 11 жастағы туыстары куә болған.

null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT