Талдықорғанда студенттерді тонаған ер адам ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда кәмелетке толмаған студенттерді қорқытып, бағалы заттарын күштеп тартып алумен айналысып жүрген 25 жастағы азамат ұсталды. Күдіктіні тексере келе оның бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқық бұзушы облыс орталығына жақын орналасқан Қаратал ауданының азаматы болып шықты. Күдікті еш жерде жұмыс істемеген. Қазіргі таңда анықталғаны ол қаладағы екі колледжде бес студенттің қымбат ұялы телефондарын тартып алған.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары күдіктіні қалалық полиция бөліміне қамауға алды. Қазіргі таңда сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар