Талдықорғанда студент жастардың республикалық фестивалі өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында алғаш рет Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Еңселі Елордам - рухани кең ордам» атты студент жастардың республикалық фестивалі өтті. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға Қазақстанның 15 жоғары оқу орындарынан 50-ден астам студент қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайыс екі бағыт бойынша жүргізілді. Біріншісінде патриоттық ән байқауы өткізілсе, екіншісі Бикен Римова атындағы драма театрда қоғамдық маңызы бар заман дерті тақырыбындағы қойылымдар тамашаланды. Шараның негізгі мақсаты студент жастардың достық, сыйластық қарым - қатынасын қалыптастыру, оқу орындары арасындағы өнерге байланысты тәжірибе алмасу болып табылады.

Алғашқы ән байқауы университеттің бас оқу ғимаратында болды. Қазылар алқасы білімгерлердің өнерлеріне лайықты бағасын берді. Отанға, елге, халыққа деген сүйіспеншілігін ән арқылы жеткізген жастар жиналған жұрттың құрметіне бөленді.

Облыстық драма театрда фестиваль шарттары бойынша театрландырылған қойылымдар қойылды. Сахна төріне шыққан Тараз инновациялық - гуманитарлық университетінің студенттері «Жесірлер» атты көріністі ұсынды. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік универсиетінің «Шабыт» студенттер театры өздері даярлаған «Көкперденің кердеңі» атты қойылымды көпшілік назарына тарту етті. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Жас түлек» театрының «Адасқандар» қойылымы жиналған қауымға жақсы әсер қалдырды.

Байқау соңында университет ректоры Қуат Баймырзаев жеңімпаздарға марапаттау қағаздарын тапсырды.

«Театрландырылған көрініс» бойынша І дәрежелі дипломды Жетісу Мемлекеттік университетінің «Жас түлек» студенттік театры жеңіп алды. «Патриоттық әндер» байқауы бойынша Бас жүлдеге Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті - Диана Мырза қол жеткізді.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар