USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Талдықорғанда сотталғандардың өнер көрмесі ұйымдастырылды

2016 жылғы 27 қазан 17:55
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда сотталғандардың  өнер көрмесі ұйымдастырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда сотталғандардың өнер көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null null
Көркемсурет галереясында жазасын өтеушілердің қолөнер туындылары алғаш рет қалың жұрт назарына ұсынылды. Мұнда елуге жуық жұмыс қойылған. Оның 20-дан астамы - қолөнер бұйымдары. Сотталушылар ағаш жонып, темірден түйін түйіп, бейнелеу өнерінде де өз шеберліктерін танытуға тырысқан. Көрмеге қойылған туындылар арасында Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясында отырған нәзік жандылардың да жасаған бұйымдары бар.

Жалпы Алматы облысы аумағында 3 түзету мекемесі болса, ол жерде 1500-ден астам азамат пен азаматша жазасын өтеп жатыр. Ал көрменің басты мақсаты, сотталушылардың қоршаған ортаға мейірімді көзқарасын қалыптастырып, мәдениет және білімге деген құштарлығын арттыру болып табылады дейді ұйымдастырушылар. Көз тартарлық бұйымдар мен тамаша туындылар алдағы уақытта Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің көрмесінен де орын алатын болады.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT