Талдықорғанда соңғы екі аптада 1230 адамнан «COVID-19» анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының орталығы коронавирустан әлі де «қызыл» аймақта тұр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетісудың бас шаһарында өткен тәулікте 73 тұрғыннан коронавирус анықталды. Ал соңғы 14 күнде 1230 адам COVID-19 жұқтырғаны»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетеу керек, бүгінгі күнге дейін «Ashyq» қосымшасы арқылы Талдықорған қаласында 302 келушінің мәртебесі анықталған. Оның 267 қызыл және 35 сары статусты науқастар екені белгілі болды.

Аурудан арылудың жалғыз жолы-екпе. Облыс орталығына барлығы 94 мың доза вакцина келіп түссе, оның бірінші компонентін 53 967 тұрғын, екінші бөлігімен 45 071 адам егілді.

Ал, облыстағы жағдай тіпті басқа, өткен тәулікте 300 адам індеттің ілмегіне ілінген. Аурудың өсу қарқыны әзірге 0,7%-ы құрап отыр. Балалар арасындағы дерттің дендеуі үдей түсуде. Ресми мәліметтер, 14 жасқа дейінгі 51 баланың вирус жұқтырғанын көрсетуде.


Соңғы жаңалықтар