Талдықорғанда сөндірілмеген темекіден шыққан өрттен 43 адам эвакуацияланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда көпқабатты үйден шыққан өрт кезінде 6 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

4 қазан күні сағат 16:54-те Алматы облысының ТЖД-не Самал шағынауданындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған шақырту орнына жоғары дәрежелі шақырту бойынша күштер мен құралдар, атап айтқанда Талдықорған қаласының өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына белгіленген нормативтік уақытта келіп жетті.

Келген бойда түтінделген пәтерлерден адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстары кажет екені анықталды.

Өртті бір мезгілде сөндіре отырып, адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша жұмыстар дереу ұйымдастырылды.

Қабылданған жедел шаралармен 6 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, сондай-ақ 43 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды және 52 адам өз бетінше сыртқа шыққан.

Өрттің ғимарат төбесіне және көрші пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД 33 қызметкері мен 10 техникасы, сондай-ақ полиция, жедел медициналық көмек және авариялық-газ қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді.

Өрт сағат 17:19-да ауыздықталып, сағат 17:33-те 21 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өрттің алдын ала себебі - бөгде калориясы аз от көзі (сөндірілмеген темекі) болды.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар