Талдықорғанда «Шоқжұлдыз ізімен» экспедициясы сапарға шықты

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда «Шоқжұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедиция сапарға шықты. Топ мүшелері әйгілі ғалым, этнограф, тарихшы Шоқан Уәлиханов жүрген жерлерге барады. Жоспар бойынша алғашқы сапар Семей қаласынан басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шоқжұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедиция Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылды. Мақсат, гоегораф, ағартушы  Шоқан Уәлиханов жүрген жерлермен жүріп, әр жерді ғалыммен не байланыстыратынын анықтау, тың деректерді насихаттау болып табылады. Бірінші кезекте топ мүшелері   Семей шаһарына барып, қаланың тарихи орындарын аралау жоспарланған. Шоқан Уәлихановпен бұл қаланы қандай оқиғалар байланыстырып тұр деген сауалдарға жауап іздеп, экспедиция мүшелері Аягөз ауданындағы әйгілі Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесіне соғуды жоспарлап отыр. Одан кейін сапар Алматы облысында жалғасады деп күтілуде. Ұйымдастырушылар келер жылы қолдау табылып жатса Шоқанның ізі қалған Қырғызстанда, Ресейдің Омбы қаласында және Қашғарияға барып қайтпақ.

Экспедиция құрамында филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Иманғазинов,  Қазақстан ұлттық арнасының меншікті тілшісі Қуаныш Қанатұлы, Жетісу телеарнасы мен Огни Алатау газетінің өкілдері, танымал фотограф Жеңіс Ысқабай бар.

 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда «Шоқжұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедиция құрылғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар