Талдықорғанда «Шоқжұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедиция құрылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Шоқжұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедиция құрылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында экспедиция мүшелері әйгілі ғалым, этнограф, тарихшы Шоқан Уәлиханов жүріп өткен жолмен сапарға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экспедиция құрамында жетісулық тарихшылар, БАҚ өкілдері, «Жетісу» географиялық қауымдастық мүшелері мен блогерлер бар. Бірінші кезекте  Семей шаһарына барып, қаланың тарихи орындарын аралау жоспарланған. Шоқан Уәлихановпен бұл қаланы қандай оқиғалар байланыстырып тұр деген сауалдарға жауап іздеп, экспедиция мүшелері Аягөз ауданындағы әйгілі Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесіне соғуды жоспарлап отыр. Одан кейін сапар Алматы облысында жалғасады деп күтілуде. Ұйымдастырушылар келер жылы қолдау табылып жатса, Шоқанның ізі қалған Қырғызстанға, Ресейдің Омбы қаласына және Қытайға барып қайтпақ.null 

 «Қолдау табылып жатса, алдағы уақытта Қырғызстандағы  Ыстықкөлге сапарға шығу ойымызда бар. Сонымен қатар Ресейдегі Омбы қаласында Шоқан атамыз оқыған оқу орнына, Қытайға да баруды көздеп отырмыз», - деді Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары Рүстем Қанапиянов.

Соңғы жаңалықтар