Талдықорғанда шағын орталықтың екінші қабатынан кішкентай бала құлап кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда 2 жастағы бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқиға «Қарлығаш» шағын орталығында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір зардап шеккен қыз аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

«Аталған дерек бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК 141 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысында тергеудің жан-жақтылығы және толыққандылығы қамтамасыз етілетін болады. Қылмыстық істің тергеу жұмыстары облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынды», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.

Соңғы жаңалықтар