Талдықорғанда селфи жасамақ болған қыз сегізінші қабаттан құлап мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Талдықорғанда 15 жастағы қыз сегізінші қабаттан құлап кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдай құрылысы бітпеген нысанда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, жасөспірім құрылыс орнында селфи жасап, өзін-өзі суретке түсірмек болған. Бірақ абайсызда құлап кеткен. Оқиға кеше кешкісін сағат 21:00 шамасында болды. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар