Талдықорғанда сауда үйі өртенді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Талдықорғанда сауда үйі өртенді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түнгі сағат екілер шамасында Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің орталық байланыс пунктіне қоңырау түскен. «Әлемді» сауда үйінің 129 шаршы метр жерін қызыл жалын жалмаған. Жанында орналасқан екі дүңгіршекке де  залалы келді. Абырой болғанда, адамдар  болмаған. Өрт дер кезінде ауыздықталды. Шығын көлемі анықталып жатыр.

Сондай-ақ кеше Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында да жеке тұғын үйден өрт шықты. Магнитофон, телефон өртенген. 1960 жылғы тұрғын Александр Под құтқарылды. Алдын ала мәліметтер бойынша ол үйінде ішімдік ішіп, ұйықтап қалған. Қазір таңда өрттің қалай шыққаны анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар