Талдықорғанда сауда орталығы өртенді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Талдықорған қаласында сауда орталығы өртенді. Қызыл жалын 4-ші шағын ауданда орналасқан «Дәулет» сауда үйінің жеміс-жидек, көкөніс сататын павильонын шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өртенген аумақ 60 шаршы метр. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің уақытылы жетіп, жылдам әрекет етуінің арқасында тілсіз жау ауыздықталып, сауда орталығының өзге бөлігіне тарап кетуіне жол бермеді.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, оқиға орнында бір адам зардап шеккен. Әйел азаматшаның беті мен қолын күйік шалып, жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кеткен. Алдын-ала болжам бойынша өрт бауырсақ қуырып, тауық етін қақтап сататын дүңгіршекте тұтанған. Шығын көлемін арнайы комиссия анықтамақ.



Соңғы жаңалықтар