Талдықорғанда салығы төленбеген көліктер жаппай тәркіленіп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда салығы төленбеген көліктер жаппай тәркіленіп жатыр. Бүгінгі күнде 4 мыңнан аса көлік иесі салықты төлемеген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы Турабаев Мәулен Дүйсеханұлының айтуынша, мәселен суреттегі Toyota маркалы, мемлекеттік номері B 477 FDN көлігінің берешегі жарты миллионға жеткен.

«Аталған көліктің салығы 2015 жылдан бері төленбеген. Жалпы салық алдындағы берешегі 500 000 теңге. Жаңа ғана көлікті тәркіледік. Иесі толық салықты төлемейінше транспорт айып тұрағында тұрады»,- деді Мәулен Турабаев.

Ведомство өкілінің мәліметінше, бір ғана Талдықорған қаласы бойынша 4102 автокөліктің салығы төленбеген. Олардың қарызы 161 412 230 теңге. Облыс орталығында бүгін жеке сот орындаушылардың көмегімен көліктер жаппай тәркіленіп жатыр. Шара бірнеше күнге жалғасады.

«Сол себепті салық төлеушілерге мемлекет алдындағы берешекті уақытында төлеуді ескертеміз»,- деп толықтырды М. Турабаев.



Соңғы жаңалықтар