+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Талдықорғанда салығы 6 жыл төленбеген джип айып тұрағына әкетілді

2017 жылғы 8 желтоқсан 17:54
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда салығы 6 жыл төленбеген джип айып тұрағына әкетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда көлігінің салығын төлемеген тұрғынның темір тұлпарын тиеп әкетті. Ал жол талғамайтын машинаның иесі тәртіп сақшыларын көре салысымен таксиге отырып кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлікті иесі 2011 жылы алған екен. Содан бері бір ретте салық төлемеген. Алты жыл ішінде оның қарызы 1,5 млн теңгеге жеткен. Тексеріс кезінде бұл автокөлік банктердің бірінде кепілге қойылғаны да анықталды. Енді сот шешіміне сәйкес автомобиль сатуға шығарылады. Содан түскен қаражат есебінен мемлекет алдындағы берешегі өтеледі. Ал, қалған сомасы банкке берілмек.

«Талдықорғанда осы сияқты көлігінің салығын төлемей жүрген 10 404 адам бар. Соның 5 мыңына салықты күштеп өндіру жөнінде сот шешімі шыққан. Борышкерлердің көбі заңды білмегеннен кейін салық төлемей жатады. Жалпы, салық төлемейтіндердің басым бөлігі тұрмысы нашар отбасылар», - деді қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім жетекшісі Арлан Бұрымбаев.

Жалпы Алматы облысында көлік салығын төлемей жүргендердің берешегі 200 млн теңгеден асқан. Әкімшілік айыппұл көлемі де қомақты. Құзырлы органдар мемлекет қазынасына төленуі тиіс қаржыны өндіру ісін күшейтіп, арнайы рейдтік тексеріс шарасын жиі ұйымдастырып тұрмақ.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT