Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 18 °С
USD 339.95 EUR 392.64
RUB 5.30 CNY 52.51
Жаңалықтар

Талдықорғанда салтанат сарайы пайдалануға берілді

2017 жылғы 10 қараша 15:18 1784
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда салтанат  сарайы пайдалануға берілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ел игілігіне салтанат сарайы пайдалануға берілді. Енді жас жұбайлар некелерін осы жерде қияды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа неке сарайы сәулеті жағынан қалаға ерекше көрік беріп қана қоймай, азаматтық хал актілерін тіркеп, 8 түрлі қызмет көрсететін болады. Бүгін екі отбасы салтанат сарайында алғашқы болып некесін қидырса, аға буын өкілдері алтын және гауһар тойларын атап өтті.

Талдықорғанда салтанат  сарайы пайдалануға берілді

«Өте қуаныштымыз. Әрине,  өтініш жасаған кезде  жаңа неке сарайында некеміз қиылады деп  ойламадық. Бақыттымыз. Алтын тойымызды, гауһар тойымызды осында өткіземіз деген үміттеміз», - дейді талдықорғандық  Мадияр Ерланұлы. Мадияр бүгін Гүлім есімді  бақыт құсын қолына қондырды. Қуаныш иелерін облыс басшысы Амандық Баталов құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Талдықорғанда салтанат  сарайы пайдалануға берілді
Талдықорғанда салтанат  сарайы пайдалануға берілді 

Жалпы нысан 160 адамға лайықталып салынған. Ал мекеменің құрылысына 1.5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Естеріңізге сала кетейік, Салтанат сарайының құрылысы 2016 жылы басталған болатын.

 


Басты сөздер: Алматы облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат