Талдықорғанда сәбиін сатпақ болған әйелдің соты өтеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорған қалалық сотында сәбиін сатпақ болған Өзбекстан азаматшасының қылмыстық ісі қаралады. Алғашқы сот отырысы қыркүйектің 29-ы күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалына сәйкес, 1986 жылғы азаматша өз кінәсін мойындап отыр. Ол тұрғылықты жері мен баласын тамақтандыратын жағдайы болмағандықтан осындай шешім қабылдаған. Қазіргі таңда күдікті ҚР ҚК 135 бабы, 1-ші бөлігі яғни, кәмелетке толмаған баланы сату әрекеті бойынша айыпталуда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін төрт айлық баласын 400 мың теңгеге сатпақ болған әйелдің ұсталғандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар