Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы «Жастар» саябағында «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды. Жаңа нысанның басты мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы барлық бағыттарды жүйелеу, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Киіз үй тәріздес салынған ғимарат ішінде музей, мәжіліс залы және жұмыс кеңселері орналасқан. Орталық қызметкерлері өңірдің киелі жерлерін түгендеп, тың деректер жинап, туған жерге туын тіккен азаматтар туралы мәліметтерді толықтыратын болады. Сондай-ақ бұл жерде ғалымдар, ақын-жазушылар, тіл мамандары бас қосып, пікір алмасып, жаңа жобаларымен бөлісіп отыру көзделген. «Рухани жаңғыру» орталығын басқару жұмысын Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жүргізеді.

null null 

Соңғы жаңалықтар