Талдықорғанда робототехникадан іріктеу турнирі өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында «KazRoboProject» және «KazRoboSport» тәртіптері бойынша робототехникадан іріктеу турнирі өтті. Жарысқа 9 бен 21 жас аралығында 130-ға жуық робот құрастырушы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирді «КазРоботикс»тәлімдік және спорттық робототехника федерациясы, «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырып отыр. Мұндағы басты мақсат - Қазақстан жастары арасында робототехника саласын дамытып, үздік спортшылар мен жобаларды анықтау. Жарыс бағдарламасында сайыскерлер әр түрлі бес бағыт бойынша өз жобаларын ұсынды. Олар өндіру және өңдеу өнеркәсібі, электр энергетикасы және жылу энергетикасы, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, «ақылды» қалалар.

Талдықорғандағы білім және инновация лицейінің оқушылары Арсен Тоқтамыс пен Хамзат Джаппуев жарысқа ағаш отырғызатын робот құрастырып әкелді. Олар бұл жобасына 4 ай тыңғылықты дайындалыпты. Айтуларынша, адам бір ағашты отырғызу үшін 30 минут уақыт жұмсайды. Ал бұл техника жерді өзі қопсытып қазып, ағашты отырғызып, топырақты қайта көміп береді. Бар жоғы 10-15 минутта бірнеше адамның жұмысын орындайды.
null
null
null

Турнир жеңімпаздары және үздік ғылыми жоба авторлары Астанада өтетін робототехникадан республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар