Талдықорғанда рейд барысында 100-ден астам жол-көлік ережелерін бұзу оқиғасы анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 1-3 тамыз аралығында Талдықорған қалалық ІІБ ППД қызметкерлері облыс орталығының аумағында «Тонировка» атты рейд өткізді.

«Үш күннің ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 110 фактісі тіркелді, соның ішінде 24 хаттама көліктердің алдыңғы шыныларын қараңғылатқаны үшін толтырылды, 20-дан астам жүргізуші көліктерін тиісті жерге тұраққа қоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, алдыңғы және артқы мемлекеттік нөмірлерінсіз жүрген 15 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған», - деп хабарлады Талдықорған қалалық ІІБ әкімшілік полициясының бөлім бастығының орынбасары Әнуар Битаев.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар