+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Талдықорғанда республикалық форум өтті

2016 жылғы 4 қараша 16:48
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда республикалық форум өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мәжіліс депутаттары қатысты.

null

105 этнос өкілі, 70 этномәдени бірлестігі бар өңір ел бірлігін еселеуде, халықтар достығын нығайтуда сүбелі үлес қосып келеді. Осыны ерекше атап өткен мемлекеттік хатшы облыс жастарының «Менің елім - Мәңгілік ел» атты акциясын бастап берді. Бұл басқосу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын қолдауға бағытталып отыр.

null

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіхалықова Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Талдықорғанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салынған балабақша жұмысымен танысып, Көксу аудандық орталық ауруханасында болды. Сапар соңында мемлекеттік хатшы облыстың әйелдер қауымымен кездесті. Жиында отбасылық құндылықтарды нығайту, саясатта және экономикада нәзік жандылардың белсенділігін арттыру мәселелері қаралды.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT