USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Талдықорғанда пышақпен және тапаншамен қаруланған 18 жастағы жігіт ұсталды

2021 жылғы 30 қараша 23:40
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда пышақпен және тапаншамен қаруланған 18 жастағы жігіт ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда пышақпен және тапаншамен қаруланған 18 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада есірткі арнасы жойылды Ақтөбе облысының бас полицейі жаппай тәртіпсіздіктердің хронологиясын айтты Қызылорда облысында 28 блокпост алынды

Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азамат бір жыл бойы жерлесіне қатысты бопсалау әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді.

11 қараша күні Көксу аудандық полициясының кезекші бөліміне 18 жастағы жергілікті тұрғын таныстарының бірі тарапанынан бопсаланғаны жайында арызданған. Жас жігіт жалпы сомасы 596 000 теңгеден астам қаражатты күдіктіге бергені мәлім болды. Дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркелді (Бiрнеше рет жасалған қорқытып алушылық).


Балпық би ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктіні ұстау жұмысын облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Талдықорған қаласында жүргізді. Жедел іс-шараға арнайы жасақ жауынгерлері де тартылды.

Ұстау кезінде күдіктіден жиналмалы пышақ пен травматикалық тапанша тәркіленді. Тәркіленген қаруға тиісті сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігіне (Қаруды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жәбірленушіні 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың қазанында физикалық күш көрсетумен және қарумен қорқытып, онлайн-несие ресімдеуге мәжбүрлегені анықталды. Сонымен қатар ол бір жыл ішінде жас жігіттің қымбат үш ұялы телефонын тартып алған.

Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT