Талдықорғанда пробация үйі - қанатқақты жобасы іске қосылмақ

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық Прокуратурасының ұйытқы болуымен Жастарға қызмет көрсету орталығында істі болғандар және түрмеден шыққандар мәселесін талқылаған жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дөңгелек үстел басына облыстық және қалалық прокуратура мамандары, пробация қызметінің өкілдері, жергілікті полиция қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері бас қосты. Мақсат - арнайы есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу.

«Бұған дейін бұл жұмыспен Пробация қызметі және Жергілікті полиция қызметі айналысып келген. Біз соларға көмекші боп, мүмкіндігін арттырмақпыз. Осы орайда біз 23-мамырда Халыққа қызмет көрсету орталығында алғашқы қабылдауды өткізбекпіз. Ол жерге келген бұрын істі болған және түрмеден шыққан азаматтар өз мәселелеріне жауап алатын болады» деп атап өтті Алматы облыстық Прокуратурасының 7-ші басқарма бастығы Жандос Искаков. Айтуынша, бұндай жобаны ақтөбелік прокурорлар бастаған. Және ол өз тиімділігін көрсеткен. Сондықтан, Алматы облысында Талдықорған мен Қапшағайда пробация үйі - қанатқақты жобасын іске қосатын боламыз дейді прокурор.

Айта кетелік, Талдықорған бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 300-ден астам азамат бар. Олардың әлеуметтік мәселелерін, яғни жұмысқа орналастыру, денсаулығын түзеу, медициналық көмек алуын қамтамассыз етуге Талдықорған қаласының әкімдігі қолдан келгенше қолғабыс етеді. Бұл туралы дөңгелек үстелде Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев айтты.

Сондай-ақ, жиында балалар үйінің тәрбиеленушілерін кәмелетке толғаннан кейін жұмыспен қамту жайы қозғалды. Бұл тұрғыда да қалалық әкімдік жан-жақты қолғабыс етуде.

Соңғы жаңалықтар