Талдықорғанда пайдалануға берілген 159 пәтерлі үйде не жарық, не су жоқ

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты үйде жарық, су, газ жоқ. Тұрғындар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен салынған үйдің сылақтары түсіп, сапасы да сын көтермей жатқанын айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 159 пәтердің шамамен 90-ына кілттер берілген. Бірақ сөздерінше, бұл жерге 20-дан аса отбасы ғана көшіп келген. Ал тұрғындар болса, еш жағдай жасалмаған үйде амалдың жоқтығынан тұрып жатқандарын айтады.
«Осы айдың аяғында мына үйдің ақшасы келеді. 45 мың теңге төлеуім керек. Ал жалдап тұрған пәтерге тағы 50 мың теңге төлеуім керек. Ол жақта тұрып жатқан үйіміз көгеріп кеткен. Бала-шағаны қайда апарарымызды, не істейтінімізді білмейміз», - дейді талдықорғандық Руфа Тоқпақова.
Ал әкімдік өкілдері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы берілген пәтерлердегі жарық мәселесі бірінші кезекте шешілетінін жеткізді.
«Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары осы мәселе бойынша мердігер компания өкілдерімен кездесу өткізді. Ертең сағат 10:00-де тұрғындармен кездесу болады. Жарық, су, газ мәселесі шешіледі. Жарық бойынша ертеңге дейін шешіліп қалуы мүмкін. Ерекше атап өткім келеді, қоныс иелеріне пәтердің кілттерін әкімдік емес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі таратып берген», - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Данияр Жаныс.
Данияр Жаныс тұрғындардың жарықсыз қалуына электр тогын есептегіш құралдың жоғалып кетуімен түсіндірді. Ал тұрғындар жақын уақытта нәтиже болмаса сотқа шағым түсіретіндерін айтады.
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- СҚО-да былтыр 1 мыңнан астам жүргізуші мас күйде ұсталды
- 622 солтүстікқазақстандық мемқызметші тәртіптік жазаға тартылды
- Түркістанда инвестициялық жобалар арқылы 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
-
Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
-
Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам