Талдықорғанда пәтерлердің бірінде орналасқан есірткі сату нүктесі жойылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Талдықорғанда пәтерлердің бірінде орналасқан есірткі сату нүктесі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол «Болашақ» шағын ауданындағы өзінің пәтерін есірткі сататын орынға айналдырған.

Күдіктінің ұстау операциясына Ұлттық Ұлан сарбаздары мен кинологтер тартылды. Ер адам шамамен 14 грамм марихуананы сату кезінде ұсталды. Ал, оның тұрғылықты жерінен синтетикалық есірткіге жататын 83 грамм «Пирролидин» табылды. Сонымен қатар, тінту кезінде полицейлер атыс және травматикалық қарудың оқ-дәрілерін тапты.

Қылмыстық тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар