Талдықорғанда Орталық Азия елдері халықаралық театр фестивалі басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Т.Жүргеновтың 120 жылдығына орай «Қазақстан -Еуразия жүрегі» атты Орталық Азия елдері VII Халықаралық театр фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Фестивальға Башқұртстан, Түркия, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен театр ұжымдары қатысуда. Барлық қатысушылар қызыл кілеммен жүріп өтті.

Салтанатты шараның  ашылуымен КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Театрлары ассоцациясының төрағасы Асанәлі Әшімов құттықтап,  жылы лебізін білдірді.

Айта кету керек, Талдықорғанда  халықаралық фестивальдің  басталуы  шаһарда жаңа театр ғимаратының ашылуымен  тұспа-тұс келді. Фестивальді  жаңа шаңыраққа қоныс аударған Бикен Римова атындағы драма театрдың ұжымы Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» комедиясымен ашты. Халықаралық дода  6 қарашаға дейін жалғасады. Осы аралықта Хасан Ажар өндірістік театры (Түркия Республикасы)  «Пирайе» қойылымын, Алп Арслан атындағы Түркімен ұлттық жастар театры (Түркіменстан Республикасы) «Көроғлы және Агаюнус» қойылымды, М.Гафури атындағы Башқұрт мемлекеттік академиялық драма театры Б.Римова атындағы  (Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы) «Іздеп таптым сені...», Б.Қыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жасөспірімдер театры (Қырғызстан Республикасы) «Қасқыр ұлыған түн» сынды осы және өзге де елдердің қойылымдары сахналанады.
null 

null null 

Соңғы жаңалықтар