Талдықорғанда оңай жолмен баспана алам дегендерді алаяқ алдап кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандық алаяқ әйел Дина Искаковаға алданғандардың саны артуда. Бүгінде оның құрығына іліндік деп тағы 12 адам арыз түсіріпті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазіргі таңда күдікті  Дина Искакова жәбірленушілерге 200 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен. Күдікті тұрғындарды мемлекеттік бағдарламамен баспана алып беремін деп алдап соққан. Баспанадан да,  ақшадан да айырылдық деп шырылдаған халық, енді  ІІД-не арыздарын жазып, жүгіріп жүр. 

Қазір аталған қылмыстық іс жіті бақылауда. Құзырлы орган өкілдері Дина Искакованың өзге де қылмыстық істерге бар-жоғын тексеріп жатыр. Егер аталған күдіктіден жапа шеккендер болса, дереу Алматы облыстық ІІД хабарласу қажет.

30 жастағы әйелді Алматы облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері тамыз айында ұстады. Қазір ҚР ҚК 190 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар