Талдықорғанда оқушыны қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Талдықорғанда жаяу жүргіншілерге арналған өту жолағында баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Ал зардап шеккен 12 жастағы мектеп оқушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

«Кешкі  18 сағат 30 минут шамасында белгісіз автокөлік 12 жастағы ұл баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқаны туралы хабарлама түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында «Ауди» көлігін тізгіндеген Талдықорған қаласының 23 жастағы азаматы жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікке ілінді. 1 сағат ішінде күдіктінің мекен-жайы анықталды және қалалық полицияға жеткізілді», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктінің көлігі арнайы автотұраққа қойылды. Осы дерек бойынша тиісті сараптама тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар