+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Талдықорғанда мұғалімнің өліміне себепкер болған 4 жігіт сотталды

2017 жылғы 20 желтоқсан 21:52
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда мұғалімнің өліміне себепкер болған 4 жігіт сотталды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда мұғалімнің өліміне себепкер болған төрт жігітке сот үкімі шықты. Сәрсен Жұрынбаев сегіз жылға, Ерлан Мыңбаев төрт және Роллан Мұратбековті екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ал Абай Исаевқа 4 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Қайтыс болған Бақытжан Батыршаевтың әкесі Нұрмұханбет Батыршаев қылмыскерлер тым жеңіл жазаланды деп наразы. Сот үкімімен келіспейміз деген жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірмек. Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Батыршаев есімді азаматты төрт жігіт қаладағы дәмханалардың бірінің алдында соққыға жыққан.
null

Ауыр соққы алған 37 жастағы азамат ауруханаға жеткізіліп, екі күннен кейін көз жұмған. Жәбірленушінің зайыбы бұл қасақана істелген қылмыс дейді.

Толғанай Омарованың сөзінше, күйеуін 5 жігіт дәмханаға іздеп келіп, кек алған. Ал істің осыншама насырға шабуына оның төбелес кезінде досына араша түспегені себеп болған көрінеді.
null

Алайда бес адамның біреуі куәгерге айналып, 4-еуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 3 жігіт «Бұзақылық», ал біреуі «Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Айта кету керек, Бақытжан Батыршаев Талдықорған қаласындағы №4 мектепте дене тәрбиесінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Оның артында жары, екі кішкентай қызы және ата-анасы қалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT