Талдықорғанда менингиттен қайтыс болған студент Алматыдан ата-анасына келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин менингиттен қайтыс болған 13 адамның соңғысы туралы толыққанды ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқас А. медициналық колледждің 3-курс студенті болған. 2 маусым күні менингококкцемия диагнозымен ауруханаға түскен. Кеше, 4 маусым күні 19:15-те қайтыс болды. Бұған қатысты лабораториялық зерттеулер әлі жүріп жатыр. Заңнамаға сәйкес, бұл әлі расталмаған жағдай. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының лабораториялық зерттеулері аяқталған соң расталған жағдай болады. Әзірге бұл менингококк инфекциясына қатысты болжам. Ол (студенттің өмірі - Ред.), өкінішке қарай, сұрақ астында болды. Лабораториялық зерттеулер екі күннен кейін аяқталады, сонан соң біз бұл менингит пе, әлде жоқ па - анығын айтамыз. Бұған дейін Көкшетауда бір қыз осындай күдікпен (менингит - Ред.) ауруханаға түскен. Бірақ барлық зерттеулер аяқталған соң, соның ішінде, ми жұлын сұйығын тексерген соң, диагноз алып тасталды», - дейді Жандарбек Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің сөзіне қарағанда, оның жұмыстағы, оқудағы, тұрған жеріндегі, соның ішінде ата-анасының тұратын жеріндегі жақын қарым-қатынас жасауы мүмкін адамдар тіркеуге алынған. Олар 10 күн бойы медициналық бақылауда болады. Қазір тиісті антибиотиктік алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Ж. Бекшин, жігіт Алматыда тұрғандықтан, онымен жақын қарым-қатынаста болғандар да сол жерде деп болжап отыр. Ал Талдықорғанға науқас азамат ата-анасын көру үшін келген.

«Жігітті қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызған. Ол ауруханада менингококк инфекциясымен ауырғандарға арналған 9 төсекорын бар. Науқастарды, Қаскелеңге немесе басқа жерге сенделіп жүрмеуі үшін, сол жерге жатқызуға болады. Бұл ең жақын емдеу мекемесі. Осындай жағдайларда ең жақын мекемеге жеткізу үшін біз барлық ауруханаларда кабинеттер ашып, арнаулы төсек-орынмен жабдықтадық», - дейді Жандарбек Бекшин.

Соңғы жаңалықтар