Талдықорғанда «Мен Қазақпын» мега жобасына іріктеу өтіп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Мен Қазақпын» мега жобасына іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Өнер додасына Алматы облысынан 18 бен 40 жас арасындағы 52 өнерпаз қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, руханиятымызды жаңғыртатын байқау ән, терме және күй аталымдары бойынша үздіктерді анықтайды. Мәселен дәстүрлі әншілер арасында 21 өнерпаз бағын сынауда. Олардың қатарында Бейбіт Мұса, Құралай Шаяхметова, Арафат Искаков, Гүлнұр Нұрасылова, Әліби Бекайдаров сынды Жетісу ән-жыр мектебін насихаттаушылар қатысуда. Сонымен қатар, «Терме» номинациясы бойынша 11 үміткер болса, ал «Күй» номинациясы бойынша 20 адам өзара бақ сынауда.

Ұлттық өнер төріне жаңа есімдерді шығарып, асыл қазынамызды халықаралық деңгейде насихаттайтын ауқымды тележоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалы мақаласындағы тапсырмаларды орындауға бағытталып отыр.

Алматы облысынан 52 үміткердің тек үшеуі ғана республикалық байқауға жолдама алып, Жетісудың намысын қорғайды. Олар «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тікелей ұйымдастыруымен қолға алынған «Мен Қазақпын» телевизиялық мега жобасына қатысады.

2

3

4

Соңғы жаңалықтар