Талдықорғанда мас жүргізуші көлігімен тұрғын үйге кіріп кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда мас жүргізуші көлігімен тұрғын үйге кіріп кетті. Қазір сараптама қорытындысына сәйкес жалғыз басты ананың үйі апатты деп танылған. Ал таңғы үште көлігімен үйге кіріп кеткен адам тек бүлдірген жерді ғана қалпына келтіретінін жеткізді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір жалғыз басты Аида Базылбаева жарты қабырғасы жоқ үйде бірінші топтағы мүгедек баласымен тұрып жатыр.

«Ішіп алған байдың жас балалары не істеп, не қойғандарын өздері білмейді. Аяқтарынан тұра алмай тұрған балаларға наркология ішімдікті жеңіл түрде ішкен деп жазып берген. Неге? Беретіндерін берген шығар, жабатын ауызды жапқан шығар. Содан кейін олар тайраңдап жүр қазір. 12 күн болды, міне, мен мүгедек баламмен жарты қабырғасы жоқ үйде тұрып жатырмын. Ешкімнен ешқандай көмек жоқ. Ертең ол бұзған жерін жасап береді. Ал көліктің соққысынан үйдің барлық қабырғалары жарылған. Ертең үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқамын», - деді Аида Базылбаева.
null

Ал осы оқиға бойынша қазір тек әкімшілік іс қозғалыпты.

«ҚР ӘК 608-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Яғни, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару дерегі бойынша іс материалдары сотқа жолданды», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.
null

«Талдықорған қаласының әкімдігі де көмек көрсете алмайтындарын жеткізді» деген Аида Базилбаева қазір шарасыз күйде отырғанын айтады.

Соңғы жаңалықтар