Талдықорғанда мас жүргізуші әйел адамды екі баласымен бірге қағып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда ішімдік ішкен көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында әйел адамды екі баласымен қағып кетті. Оқиға 1 мамыр күні болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Субару Форэстер» көлігінің 54 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сондай-ақ, ол көлікті құжатсыз жүргізген. Машинаның мемлекеттік номері де жалған болып шықты. Ал зардап шеккендер түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Анықталғандай жүргізуші 2017 жылы көлікті ішімдік ішіп жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылып, көлік жүргізу куәлігінен айырылған. Сонымен қатар, темір тұлпар Қырғызстаннан жеткізілген. Және оған жалған мемлекеттік номерді қолданған. Қазір осы фактіге орай Қылмыстық іс қозғалды. Іс Талдықорған қалалық полициясының қарауында», - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар