Талдықорғанда қыздардың төбелесіне қатысты тергеу басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 19 бен 27 жас аралығында бір топ қыздың төбелесіне қатысты тергеу басталды. Бір-бірімен жұлысқан қыздардың жағаұстатарлық әрекеттері видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Департаментке келіп түскен видеоматериалды толыққанды тексеріп, оқиғаның Талдықорған қаласында мамырдың 18-нен 19-на қараған түні болғанын анықтадық. Аталған іс бойынша полицияға ешқандай арыз түскен жоқ. Жедел іздестіру іс-шарасының арқасында оқиғаның барлық мүшелері анықталып, 19 бен 27 жас аралығындағы күдікті бойжеткендер қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетерлігі, жұртшылықтың ашуын туғызған бұл оқиға облыстық Департамент басшылығының қатаң бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар