Талдықорғанда құтқарушылар өрт шыққан тұрғын үйден 10 адамды эвакуациялады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда пәтер өртеніп, 7 адам эвакуацияланды. Оның үшеуі — бала, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 қаңтар күні сағат 11:33-те Талдықорған қаласы Красин көшесінде 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт болды. Қызыл жалын18 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 11:56-да оқшауланып, сағат 12:12-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- делінген Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері 7 адамды (оның ішінде 2 бала) эвакуациялады және өрт сөндіру автосатысының көмегімен 3 адам (оның ішінде 1 бала) құтқарылды. Құтқарылғандар мен эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

«Өртті сөндіруге Жетісу облысы ТЖД 24 қызметкері мен 7 бірлік техникасы, сондай-ақ полиция департаменті, жедел медициналық жәрдем бригадалары қатысты. Өрттің шығуының алдын ала себебі - розеткаға қосылған электр ұзартқыш сымының тұйықталуы болды. Жетісу облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Фото: Жетісу облысы ТЖД

Соңғы жаңалықтар