Талдықорғанда құрылысы жеті жылға созылған «Иман» мешіті ашылды (ФОТО)

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда құрылысы жеті жылға созылған «Иман» мешіті ашылды.

Оның салтанатты ашылу рәсіміне қала тұрғындарынан басқа Қазақстанның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажұлы Маямеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Аңсар Мұсаханов, Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатысты.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «тамырымыз түркі, дініміз болса - ислам. Ол халық үшін ғибадатхана ғана емес, жастарды тура жолдан адаспай, дәстүрлі дінді ұстануды үйрететін орын болсын деген үмітпен біз Алланың жердегі бұл үйіне «Иман» атауын беруді жөн көрдік», - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімі Амандық Баталов.

Оның айтуынша, мешітте кітапхана мен оқу бөлмелері жұмыс істейтін болады. Оған қоса, Некелесу бөлмесі де қарастырылған.

Талдықорғанның болашақтағы орталық мешітінің алғашқы іргетасы салтанатты жағдайда бұдан жеті жыл бұрын қаланды. Осы уақыт ішінде қайырымды адамдар мен меценаттардың ортақ күшімен құрылыс жұмыстарының негізгі көлемін орындау мүмкін болды.

Бұл діни нысан Жетісу өңіріндегі ең әдемі сәулет туындыларының бірі болмақ. Ол қаланың назар аударалық басты орнына айналады.

Мешітті танымал қазақстандық сәулетші, Алматы және Тараз қалаларының ірі мешіттерінің авторы Қазбек Жарылғапов жобалады.

Ғимаратты үлкен күмбез бен 40 метрлік мұнаралар толықтырады.

Соңғы жаңалықтар